Германияда Демьянюкке қатысты сот басталуда

Бүгін Мюнхенде 90 жастағы Иван Демьянюктің ісі бойынша сот үдерісі басталады. Оған Екінші дүниежүзілік соғысы барысында Польшадағы концлагерде шамамен 28 мың еврейді өлтіруге көмектесті деген айыптар тағылып отыр.

Украинада дүниеге келген Демьянюк алдымен Қызыл армия құрамында болған, кейінірек ол нацистердің қолына түскен. Польшадағы Собибор концлагерінде күзетші болған Демьянюк өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.