Тәуелсіздік мейрамында қазақстандықтар төрт күн демалады

Осы айтулы күнді мерекелеуге байланысты Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов 26 қарашада қол қойған қаулыда, қазақстандықтардың жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында 20 желтоқсан жексенбідегі демалысы жұмаға ауыстырылғандығы хабарланған.

Яғни, биыл қазақстандықтар 16, 17, 18 және 19 желтоқсан күндері демалатын болады. Жексенбі, 20 желтоқсан - жұмыс күні болып белгіленді.