НАТО сыртқы істер министрлері Бельгияда жиналуда

НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері бүгін Брюсселде екікүндік жиынын бастап отыр. Кездесуде Ауғанстан соғысы мен НАТО-ның Ресей, Украина, Грузия елдерімен арадағы қарым-қатынастарына қатысты мәселелер талқыланады.

Жұма күнгі НАТО-Ресей кеңесінің сессиясына Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров қатысады деп күтілуде.