Могадишуда жанкештілік шабуылдан кемінде 18 адам құрбан болды

Африка одағының Сомалидегі бітімгершілік күштерінің мәлімдеуінше, бейсенбі күні Могадишуда бір жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, кемінде 18 адамды өлтірген. Құрбан болғандардың арасында 3 министр мен 2 журналист бар. Қонақ үйдің жанында болған бұл шабуылдан сондай-ақ ондаған адам жарақат алды деп хабарланып отыр. 

Могадишудағы жарылысқа байланысты жауапкершілікті ешкім мойнына алмады. БҰҰ қолдауындағы Сомали үкіметі исламшыл бүлікшілермен күресіп келеді.