Танымал актер Вячеслав Тихонов қайтыс болды

Ресей ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, танымал актер Вячеслав Тихонов жұма күні Мәскеуде 81 жасында дүниеден өткен. Жүрек ауруына шалдыққан Тихонов бірнеше күннен бері ауруханада жатқан болатын.

Тихонов "Соғыс және бейбітшілік", "Көктемнің 17 сәті" және тағы басқа фильмдерде бас ролді ойнаған болатын.