Ресейдегі жарылыстан 102 адам қаза болды

Ресейдің Пермь қаласындағы түнгі клубта орын алған жарылыстан 102 адам қаза тапты. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, 140-тан астам адам жараланған, олардың 85-і ауыр халде. Полиция жарылыс себептерін тексеріп жатыр.