Ирақтағы шабуылдардан 5 адам қаза тапты

Ирақ полициясының хабарлауынша, елдің солтүстігіндегі Мосул қаласында белгісіз қарулы адамдар 5 адамды өлтірген. Сенбі күні полиция қызметкері мен екі күзетші оққа ұшты дейді полиция өкілдері. Сонымен қатар Мосулда орын алған тағы басқа шабуылдардан бір әйел мен бір қария құрбан болған.