Генерал МакКристал: бен Ладен ұсталмайынша «Әл-Қаида» жеңілмейді

Усама бен Ладен ұсталмайынша «Әл-Қаиданы» жеңу оңайға түспейді деп мәлімдеді НАТО-ның Ауғанстандағы әскерінің қолбасшысы генерал Стэнли МакКристал.

Сейсенбі күні АҚШ Конгресінде сөз сөйлеген МакКристал экстремистер үшін бен Ладен «өзіндік табынар белгі» секілді, оның бостандықта жүруінің өзі «Әл-Қаиданы» жігерлендіреді деді.