Қазақстан Сенаты лаңкестікке қатысты заңға толықтыруларды мақұлдады

Қазақстан парламентінің Сенаты лаңкестікке қарсы күрес мәселесіне қатысты заң актілеріне толықтыруларды мақұлдады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әділ Шаяхметовтың айтуынша, толықтырулар лаңкестік қауіпінің алдын-алуға бағытталған.

Бүкіл ел бойынша лаңкестердің нысанаға алуы мүмкін делінетін стратегиялық нысандар мен адамдар жиналатын жерлер құжаттандырылып жатыр және шетел орталықтарында лаңкестікке қарсы мамандар жаттықтырылуда дейді Шаяхметов.