АҚШ президенті Копенгаген саммитіне қосылды

АҚШ президенті Барак Обама басқа да әлем жетекшілерімен бірге БҰҰ-ның ғаламдық жылыну мәселесіне арналған саммитіне қатысу үшін Копенгагенге барды.

Екі аптаға созылған келіссөздер кедей елдер мен дәулетті елдер арасындағы пікірқайшылықтарға байланысты тұралап қалған.

Бірақ соңғы хабарларға қарағанда, әлем жетекшілері мен жетекші ресмилер ауа райының жылынуына қатысты келісім жасауда бір мәмілеге келуге жақын қалған.

Ресмилердің айтуынша, 100-ден аса елдің басшысы жұма күнгі саммитте талқылайтын декларация мәтіні жасалып қойды.