Камбоджа 20 ұйғырды Қытайға қайтарады

Камбоджа шілде айында Қытайдағы ұлтаралық қақтығыстан қашып келген 20 шақты ұйғырды депортацияламақ.

Хабарларға қарағанда, Камбоджа билігі өз аймағына заңсыз өтіп, саяси баспана сұраған ұйғырларды Қытайға қайтармақшы.

Құрама Штаттар мен БҰҰ Қытайда ол ұйғырлардың өміріне қауіп төніп тұр деген алаңдаушылықпен, Камбоджа билігін оларды депортацияламауға шақырды.