АҚШ 12 Гуантанамо тұтқынын елдеріне жіберді

Құрама Штаттар Гуантанамодағы 12 тұтқынды Ауғанстан, Йемен және Сомалиге көшірді.

Жексенбі күні АҚШ-тың Әділет департаменті хабарлағандай, алты йемендік, төрт ауған және екі сомалилік өз елдеріне жіберілді.

АҚШ ресмилері өткен аптада Гуантанамо тұтқындарының бір тобы АҚШ-тың Иллинойс штатындағы түрмеге ауыстырылады деген.

Қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс Обама әкімшілігі Гуантанамодағы 116 тұтқынды қабылдайтын елдерге немесе олардың өз атамекендеріне жібергісі келеді деп мәлімдеген.