Мюнхенде фашистік лагердің бұрынғы күзетшісінің ісі қайта жалғасады

Мюнхенде бүгін фашистік Собибор лагерінің бұрынғы күзетшісі Иван Демьянюкке қатысты сот процесі өтеді.

Демьянюкке екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оккупацияланған Польшада 1942-1943 жылдары 27 мың еврейді өлтіруге қатысқан деген айып тағылып отыр.

Күдіктінің өзі тағылған айыптарды жоққа шығарып келеді.