Қостанай оқушылары аязға байланысты үйлеріне қайтарылды

Қостанайда бүгін ауа-райының қолайсыздығына байланысты орта мектептердегі сабақтар өтпейтін болды.

Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметі бойынша, сейсенбі күні Қостанайда 30 градус аяз тіркелді. Бұл мәлімет жергілікті ақпарат көздері бойынша халыққа таратылды.