Карачиде жарылыстан кемінде 15 адам мерт болды

Карачи полициясы Пәкістанның коммерциялық астанасында орын алған жарылыстан 15 адамның қаза тауып,  20 шақты жанның жарақат алғанын хабарлады. Жарылыс шииттердің ең үлкен діни мерекесі -Ашураның аяқталар сәтінде болған.


Пәкістан Ашураның тойлануы барысында ондаған мың әскерді шығарып, қауіпсіздік шараларын күшейткен еді.