Пәкістан талибандары Карачидегі шабуылға жауапкершілік алды

Пәкістандағы талибандар дүйсенбі күні Карачидегі 43 адамның өмірін қиған шииттерге қарсы шабуылға жауапкершілікті алып отыр.

Оңтүстік Вазиристандағы жауынгерлік топтың қолбасшысы Асматулла Шахин бұл мәлімдемелерін телефон арқылы ақпарат агенттіктеріне жеткізген.

Ол сондай-ақ, мұндай шабуылдар тағы болатынын ескертті.

Дүйсенбі күні Карачидің үлкен көшесіне шииттердің Ашура мерекесін тойлап шыққан тобырға қарсы жанкештілік шабуыл жасалған. Сүннит экстремистері орналасқан талибан аймағы шиит мұсылмандарының бұл мерекесін дінбұзарлық шара деп деп айыптайды.