ЕО өкілі Эштон Пәкістандағы шабуылды айыптады

Еуропа Одағының жаңа сыртқы істер министрі Кэтрин Эштон Пәкістанның солтүстігінде 90-ға жуық адамның өмірін қиған шабуылдарды айыптаған мәлімдеме жасады.

ЕуроОдақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Эштон Солтүстік Вазиристан аймағындағы Лакки Марват қаласында волейбол жарысына жиналған тобырға қарсы жасалған жанкештілік шабуылды Пәкістан мен оның халқын қоршап тұрған сорақы қақтығыстың бір көрінісі деді.

Кэтрин Эштон бұл туралы Брюссельде айтып, Пәкістанның терроризмге қарсы күресіне Еуропа Одағының қолдауы болатынын қадап айтты.