«Аватар» картинасының түсімі 1 миллиард доллардан асты

Бір айға жетер-жетпес уақыттың ішінде американдық режиссер Джеймс Кэмерон түсірген «Аватар» фильмі әлем кинотеатрларындағы көрсетілімдерден 1 миллиард доллардан астақ қаржы түсірген.

«Аватар» қиял-ғажайып картинасы прокаттан 1 миллиард доллардан астам пайда әкелген әлем тарихындағы бесінші фильм болып отыр. Ең көп табыс түсірген картиналар тізімін Джеймс Кэмеронның «Титанигі» бастап келе жатқанына көп жыл болды.