Түрмедегі Әзірбайжан журналисіне тағы бір айып тағылуы мүмкін

Адвокат Исахан Ашуров түрмеге қамалған редактор Ейнулла Фатуллаев ол отырған камерадан героин табылғандықтан, оған енді есірткі қолданғаны туралы айып тағылуы мүмкін деп айтқан.

Ейнулла Фатуллаев терроризм және тағы басқа да айыптармен түрмеде отыр, ал қолдаушылары журналистке тағылған айыптардың саяси астары барын айтады.

Нью-Йорктегі журналистерді қорғау комитеті Әзірбайжан билігін 2009 жылғы халықаралық баспасөз бостандығы сыйлығының лауреаты Фатуллаевқа жаңа айып тақпауға шақырды.