Пәкістанда АҚШ зымыраны деген шабуыл 11 адамның өмірін қиды

Пәкістанның барлау ресмилері АҚШ-тың алыстан басқарылатын ұшағы деп күдіктелген зымыран шабуылынан кемінде 11 адам қаза тапты деп хабарлады.

Пәкістанның атын жарияламауды өтінген ресми адамы ол зымыран Солтүстік Вазиристан аймағындағы үйге түскен деп отыр. Ол шабуыл талибандардың жаттығу орталығын нысанаға алған. Солтүстік Вазиристан Ауғанстанмен шекаралас тұрақсыз аймақ болып саналады.