Италияда ашулы мигранттар көтерілді

Италияның оңтүстігіндегі Калабрия аймағында жүздеген иммигрант көтеріліп, өздерінің екі адамын жергілікті топ атып өлтіргеніне наразылық танытты.

Көбісі африкан елдерінен келген мигранттар бейсенбі күні Розарно қаласындағы полицияға тас лақтырып, көліктерді өртеп, дүкендердің терезесін шаққан. Олар өздерінің екі жігітін фермадағы жұмыстарынан келе жатқанда атып өлтірілгеніне наразылық танытты. Калабрия аймағындағы фермаларда 1,500 мигрант өте нашар жағдайда жұмыс істейді.

Адам құқын қорғаушы топтар ол мигранттарды ұйымдасқан қылмыстық топ қанап, жұмысқа салып отыр деп айтқан.