Армения жасағы Ауғанстанға аттанады

Арменияның Қорғаныс министрлігі өздерінің 40 жасақтан тұратын алғашқы күштері сенбі күні кешкісін Ауғанстанға жолданады деп хабарлады.

Ол күштер Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Халықаралық қауіпсіздік жасағының қатарында болып, Құндыз әуежайын күзететін болады. Армениялық контингенттің құрамында түрлі салада қызмет атқаратын 36 әскер бар.