Қырғызстанның бұрынғы қорғаныс министрі түрмеге жабылды

Бішкек әскери соты Қырғызстанның бұрынғы қорғаныс министрі Исмаил Исаковты жемқорлықта айыптап, 8 жылға түрмеге жапты деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі.

2005-2008 жылдары қорғаныс министрі болған Исаковқа жалған құжаттар негізінде бір адамға пәтер берді деген айыптар тағылды. Ол сондай-ақ әскери атақтарынан айырылды. Исаков өзіне тағылған айыптардың саяси астары бар деп мәлімдеді.

Бұл уақытта Исаковтың қолдаушылары Бішкекте наразылық шарасын өткізіп, бұрынғы қорғаныс министрін азат етуді талап етті.