Қазақстан полицейлері Бішкекке барды

Қырғыз журналисі Геннадий Павлюктің өлімі бойынша тергеу істерін жүргізу үшін қазақстандық тергеушілердің Бішкекке барғандығы жөнінде «24kg» агенттігі хабарлаған. Қырғызстан Бас прокуратурасының хабарлауынша, тергеу тобын Алматы ІІД-нің аға тергеушісі, подполковник Тимур Стамқұлов бастап барған.

Тәуелсіз журналист Геннадий Павлюк өткен жылдың аяғында Алматыда қаза тапқан болатын, полицияның басты болжамы - оған қастандық жасалған болуы мүмкін.