Моңғолия президенті өлім жазасына мораторий жариялады

Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж ел парламентінде сөйлеген сөзінде өлім жазасын 30 жылдық түрме мерзіміне ауыстыруды ұсынды.

Оппозициялық депутаттар өздерінің қарсылықтарын президентке қол шапалақтамау арқылы білдірді.

Amnesty International адам құқығын қорғау ұйымы моңғол басшысының бұл ұсынысын дұрыс деп бағалады.