Бағдадтағы шабуылдарға қатысты 11 адам өлім жазасына кесілді

Өткен жылдың тамыз айында Бағдадтағы жарылыстарды жоспарлап, жүзеге асырғаны үшін 11 Ирақ азаматы өлім жазасына кесілді. Сот баспасөз хатшысының хабарлауынша, Ирақ соты жүзге жуық адамның өмірін қиған шабуылдарға байланысты 11 адамды дарға асу туралы шешім шығарған.

Тамыздың 19-да орын алған шабуылдар қаржы және сыртқы істер министрліктерін нысанаға алған болатын. Ирақ үкіметі ол жарылыстарға байланысты Әл-Қаида бүлікшілері мен Саддам Хусейннің заңсыз партиясының қолдаушыларын айыптаған болатын.