Ауғанстанда жанкештілік шабуылдан кемінде 15 адам мерт болды

Ресмилердің мәлімдеуінше, Ауғанстанның Урузган өлкесінде бір жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, кемінде 15 қарапайым азаматты өлтірген. Провинция әкімі Жұма Гүл Химаттың айтуынша, Дихрауд қаласында орын алған бұл шабуылдан кемінде 10 адам жарақат алған.