ХАМАС лидері Бейрутта жүр

Палестинадағы экстремистік ХАМАС тобының көсемі Халед Машааль Бейрут қаласында жүр және осы Ливан елінің басшыларымен келіссөз өткізуде.

Би-Би-Си-дің хабарлауынша, сапар барысында ХАМАС көсемі Ливандағы Палестина босқындарының хал-жағдайын және босқындар лагерлерінен тыс базалары бар палестиналық қарулы құрамалардың келешегін талқылауға тиіс.