Кашмирдегі жарылыстан 4 сарбаз жараланды

Пәкістанның Кашмир аймағында бір жанкешті шабуыл жасады. Жергілікті үкімет басшысы Сардар Хуршидтің айтуынша, Равалакот қаласының сыртындағы бұл жарылыстан 4 сарбаз жарақат алды.

Пәкістан мен Үндістан арасын бөліп тұратын даулы аймақты екі тарап та өз территориясы деп санайды.