Түркмен президенті мұнай-газ басшысын орнынан алды

Түркменстанның ақпарат құралдары сенбі күні президент Гурбангулы Бердімұхамедов мұнай-газ басшысын қызметінен алды.

Хабарларға қарағанда, президент Оразнур Нурмурадовты жұмысы көңілден шықпады деп орнынан алған. Бұл қызметке келгеніне үш-ақ ай болған Нурмурадовтың орнына оның орынбасары болған Байрамгелді Недиров келмекші.