Пәкістанда әуе соққысынан кемінде 3 адам қаза тапты

Батыстық ақпарат агенттіктері хабарлағандай, Пәкістандағы АҚШ-тың ұшағы деп күдіктелген әуе соққысынан кем дегенде үш адам қаза тапқан.

Пәкістан ресмилерінің сөзіне қарағанда, әуе шабуылы әл-Қаида базасы орналасқан деген күдікпен Пәкістанның ауғанмен шекаралас Солтүстік Вазиристан аймағында болған.

Бұл осы айда аймаққа берілген 11-ші әуе соққысы болып отыр. Қаза тапқандардың кімдер екені айтылмады.