Жараланған қырғыз шекарашысы Ташкент ауруханасында жатыр

Өзбекстанның шекара күзетшілері жаралаған қырғыз шекарашысы әлі де Өзбекстанда қалып отыр деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі.

Қырғызстан шекарашылары қызметі төрағасының орынбасары Чолпонбек Турусбековтың айтуынша, әлгі қырғыз азаматы қаңтардың 17-де шекарадағы Чек ауылының жанында орын алған атыстан жарақат алып, Ташкент ауруханасына жеткізілген.