Бухарест Ауғанстанға тағы 600 сарбазын жібереді

Румыния Ауғанстанға осы жылы қосымша 600 сарбазы мен офицерін жіберетіндігін жариялады. Осылайша елдің Ауғанстандағы әскерінің саны 1600-ге жетеді.

Румыния НАТО-ға 2004 жылы кірді және халықаралық коалицияның Ирақтағы, Ауғанстандағы әскери операцияларына қатыса бастады.