Саудия Йемен шекарасында жоғалған 20 сарбазының мәйітін тапты

Сауд Арабия елдің оңтүстігіндегі аз уақыт шиит бүлікшілерінің бақылауында болған аймағынан 20 әскерінің мәйітін тапты.

Саудия ханзадасы Халид бин Султан жоғалған 26 сарбаздың 20-сының өлі күйінде табылуы, йемендің бүлікшілермен күресте қаза тапқан саудиялық жасақтың санын 133-ке жеткізіп отыр деді.

Йемен үкіметімен күресіп келе жатқан бүлікшілер қарашаның 5-де Сауд Арабия жеріне өтіп, қақтығыс тудырған.