Байден: Ирақ сайлауы әділ, ашық өтуі тиіс

Сенбі күні Бағдадта АҚШ вице президенті Джо Байден 7-ші наурызда Ирақта өтетін парламент сайлауы әділ әрі ашық өтуі керек деді.

Байден премьер-министр Нури әл Мәлики және президент Жалал Талабанимен келіссөздер өткізді. Кездесулердегі басты тақырып сайлау тізімінен Саддам Хуссейннің Баас партиясымен байланысы бар деп күдіктелген 500-дей кандидаттың алынып тасталуы турасында болды.

Ирақ астанасына жұма күні барған ол парламент спикері және БҰҰ-ның Ирақтағы өкілімен кездеседі деп жоспарланған.