Солтүстік Кавказда 100 мыңнан аса адам жарықсыз қалған

Солтүстік Кавказдың бірнеше аймағында 100 мыңнан аса адам жарықсыз қалды. Оған қалың жауған қардан электр желілерінің қатып қалу себеп болған.

Қабарды-Балқар аймағының 65 мыңдай адам тұратын 28 елді мекенінде жарықтың болмауы қиындық туғызып, бірнеше ауданда төтенше жағдай жарияланған.

Ставрополь өлкесі, Ингушетия және Шешенстанның мыңдаған тұрғындары да электр жарығынсыз қалып отыр.