Қытайдың ықпалды ресмилері диссидент Сяобоны босатуға шақырды

Қытайдың коммунистік партиясының ықпалды төрт ресми өкілі саяси реформаларға шақырғаны үшін түрмеге жабылған қытайлық диссидент Лю Сияобоны босатуға шақырды.

Олардың бірі жексенбі күні мәлімдегенінде, өздерінің қатты сөздермен жазылған хатты коммунистік партия мен үкімет жетекшілеріне жібергенін айтты. Бұл ресмилер желтоқсан айында 11 жылға түрмеге жабылған диссидент Сяобоның ісін қайта қарауға қысым жасап отыр.

Қытайдың әлеуметтік ғылымдар академиясының мүшесі жолданған хаттың мақсаты - Лю Сяобоның үкімін қайта қарап, оны шығарып алу деді.