Словакия Ауғанстанға көбірек әскер жібермекші

Бүгін Словакия Ауғанстанға 57 жасақ жіберуге келісті. Үкімет өкілінің хабарлауынша, словак үкіметі сәрсенбі күні осындай шешім қабылдады.

Ауғанстанның Қандағар проивнциясына орналасатын жаңа күштер сақшылық қызмет атқарады.

Енді Словакия парламенті Ауғанстанға жасақ жіберу шешімін мақұлдауы керек. Бүгінгі таңда Ауғанстандағы НАТО күштері құрамында Слоавкияның 242 әскері бар.