Байқоңырдан әскери зымыран ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан бүгін таңертең ғарыш аппараты тіркелген «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды. Аппарат бүгін түстен кейін зымыран тасығыштан бөлініп шығады деп жоспарланған.

Ғарыш аппараты Ресейдің қорғаныс саласына қызмет атқаратын болады.