КХДР тағы да Оңтүстік Кореяға қарай оқ атты

Солтүстік Корея тағы да Оңтүстік Кореяға қарай бірнеше дүркін оқ атты. Хабарларға қарағанда, снарядтар екі мемлекет арасындағы даулы теңіз шекарасының солтүстігіне құлаған.

Сейсенбі күні таңертең Солтүстік Кореяның жағалаудағы артиллериясы Кореяның батыс жағалауының аймағына бірнеше мәрте оқ атқан еді. Оңтүстік Корея да оған оқпен жауап берді. Ешкім зардап шекпеді деп хабарланды.