Әзірбайжан базасындағы атыстан 6 сарбаз қаза тапты

Бакудегі Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бейсенбі күні әскери базада орын алған атыстан Әзірбайжан армиясының 6 мүшесі қаза тапқан. Азаттық радиосының Әзірбайжан қызметінің мәліметінше, атыс Армения шекарасына жақын Дашкесан ауданындағы базада болған.

Министрлік ресмилері қаңтардың 28-де жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 6-да әскери бөлімдегі екі сарбаз автоматпен басқа жауынгерлерді ата бастады деген. Нәтижесінде 4 сарбаз қаза тауып, екеуі жарақат алған. Министрліктің айтуынша, атысты бастаған әлгі екі жауынгер қаруын тапсырған соң өздерін өлтірген.

Бұл оқиғаға байланысты тергеу ісі басталды деп хабарланып отыр.