Пәкістанда 10 бүлікші өлтірілді деп хабарланды

Пәкістан қауіпсіздік күштері Бажур тайпалы аймағында кемінде 10 бүлікшіні өлтіргендерін хабарлады. Олар Ауғанстанмен арадағы шекараға жақын жерде жүргізілген рейд барысында өлтірілген.

Пәкістан армиясы 2008 жылы Бажурда бүлікшілерге қарсы кең ауқымды операциясын бастаған болатын. Бұл аймақ бүлікшілерден тазартылды деп хабарланған еді. Бірақ одан бері қақтығыстар жалғасып келеді.