Ингушетияда полиция ғимаратына шабуыл жасалды

Ресейдің Ингушетия республикасындағы полиция штаб-пәтеріне жасалған шабуылдан бір полицей қаза тауып, кемінде 2 адам жарақат алды. Полицияның хабарлауынша, дүйсенбі күні Назран қаласындағы жергілікті ішкі істер министрлігінің ғимаратына граната атылған.

Ресейдің тынышсыз Солтүстік Кавказ аймағында соңғы кездері исламшыл бүлікшілердің шабуылдары жиі орын алуда.