Пәкістанда бүлікші деп күдіктелген 6 адам өлтірілді

Пәкістан қауіпсіздік ресмилерінің айтуынша, Ауғанстан шекарасына жақын жерде орналасқан екі ғимаратқа әуеден соққы беріліп, бүлікші деп күдіктелген кемінде 6 адам өлтірілген. Солтүстік Вазиристандағы Деган аймағында жасалған әуе шабуылдарын АҚШ ұшақтары жүзеге асырды деген болжам бар.