Ресейде қырғыз кәсіпкерлері өлтірілді

Ресейдің Бурятия республикасында осыдан үш күн бұрын жоғалып кеткен 7 кәсіпкер өлі күйінде табылды деп хабарлайды Азаттық радиосының орыс қызметі. Олардың үшеуі - 2 ер кісі мен бір әйел - қырғыз азаматтары делінеді. Закаменск қаласынан аттанған кәсіпкерлердің ірі көлемдегі ақшасы болған.

7 кәсіпкердің оққа ұшқандығы және олардың ақшасы ұрланғандығы белгілі болып отыр.