Ауғанстандағы шабуылдан 2 адам құрбан болды

Ресмилердің айтуынша, Ауғанстанның оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінің Лашкар Гах қаласында орын алған жарылыстан кемінде екі адам қаза тауып, 20-ға жуық адам жараланған. Денсаулық сақтау бөлімінің директоры доктор Инаят Уллаһ Гафаридің мәлімдеуінше, жарақат алғандардың жетеуі балалар екендігі анықталған.

АҚШ әскерилері мен ауған күштері Хелмандта бүлікшілерге қарсы бірлескен шабуылдарын жоспарлауда.