БҰҰ Бас хатшысы Қазақстанға келеді

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун осы жылы көктемде Қазақстанға келеді. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Мекеме таратқан ақпаратта сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев 5 ақпанда Нью-Йоркте Пан Ги Мунмен кездесіп, олар бас хатшының Қазақстанға жұмыс сапарының күн тәртібін талқылады деп жазылған.