Ақтөбеде үш адам терроризм айыбымен сотталды

Ақтөбенің №2 соты облыстың үш тұрғынын терроризм үшін сотқа тартып, оларды Қылмыстық кодекстің «Террорлық топ құрып, жетекшілік еткен және оның қызметін жүзеге асыруға қатысқан» деген бабы бойынша 7-8 жылға бас бостандықтарынан айыруға үкім шығарған деп хабарлайды «Интефакс-Қазақстан» агенттігі.

Тергеу амалдарының қорытындысы бойынша жас жігіттер Дағыстандағы террорлық актілерге қатысуды жоспарлаған. Оларды Ресейдің кеден бекетінде ұстап, Қазақстанға экстрадициялаған деп мәлімдейді билік өкілдері.