АҚШ соты тыңшы деп айыпталған инженерді 15 жылға қамауға үкім шығарды

АҚШ соты, «Боинг» компаниясының бұрынғы инженерін, Қытайдың мүддесі үшін тыңшылық етті деп айыптап, 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Тергеу мәліметтері бойынша, Донгфан Чанг Қытайға жібері мақсатында 300 мың құпия құжаттарды жинастырған.

74 жасар Чанг 2009 жылдың сәуірінде тұтқындалған. Ол «Боинг» компаниясында отыз жылдан астам уақыт қызмет еткен.