Ауғанстанда қар көшкінінен ондаған адам қаза болды

Ауған ресмилерінің мәлімдеуінше, Кабулдың солтүстігіндегі таулар арасында қар көшкінінен 60-тан астам адам қаза тапқан болуы мүмкін. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, құтқару жұмыстары нәтижесінде 24 адамның денесі табылған, тағы басқа 40 адам қаза тапқан болуы мүмкін. Шамамен 430 адам құтқарылған.